Жердің құнарын сақтау - басты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жердің құнарын сақтау - басты міндет

14.05.2016
Жердің құнарын сақтау -  басты міндет
Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары осыған қатты алаңдаулы. Соңғы 50 жылдың ішінде топырақ сапасы екі есеге жуық нашарлаған. Себебі, елдегі шаруашылықтардың ішінде жалға алған жерлерін тыңайтып отыруға немқұрайлы қарайтындар көп.

Жалпы, топырақ сұр, қоңыр және қара болып үш түрге бөлінеді. Қазір еліміздегі жердің 90 миллион гектары қоңыр топырақ, 25 миллионы қара топырақ ал, сұр топырақ 120 миллион гектарға жеткен. Сұр топырақ шөлейтке айналып кетуі мүмкін. Сондықтан жерімізді игеру өте маңызды шаруа.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу