Мемлекетке тән емес қызметтер өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке тән емес қызметтер өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беріледі

17.05.2016
Мемлекетке тән емес қызметтер өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беріледі
Болашақта мемлекетке тән емес қызметтер бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға берілуі тиіс. Бұл шағын және орта кәсіпкерліктің өрісін кеңейтеді.

Ұлт жоспарының 97-ші қадамында нақты белгіленген осы тақырыпқа қатысты Мәжілістің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінде талқы өтті.

Бұл бағытта Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыс істемек.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу