Алматының Хайуанаттар бағы қалалық Мәдениет басқармасынан Ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының Хайуанаттар бағы қалалық Мәдениет басқармасынан Ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына өтті

18.05.2016
Алматының Хайуанаттар бағы қалалық Мәдениет басқармасынан Ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына өтті
Зообақтағы жануарлар түрінің саны соңғы 8 жылда 1,5 есе азайған. Мәселен, 2007 жылы 541 түрлі жан-жануар болса, солардың қазір 353-і қалған. Ал, керісінше қаржыландыру соңғы 8 жылда 2 есе өскен. «Алматы Зообағына әлеуметтік көмек қорына» да былтыр жеке демеушілерден 225 миллион теңге жиналған. Оның 69,4 миллионы зообақты дамыту шығындарына жұмсалып, қалған 155 миллионы теңге қазір сақтаулы тұр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу