Қарағанды облысында 400 мың гектар жер игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 400 мың гектар жер игерілмеген

19.05.2016
Қарағанды облысында  400 мың гектар жер игерілмеген
Қарағанды облысында агрокешенді субсидиялау бойынша биыл 8,4 миллиард теңге қаражат бөлінген. Оның біраз бөлігі кенжелеп тұрған терең өңдеу саласына жұмсалмақ. Субсидияға қатысты түйткілді мәселелер де жоқ емес.

Айталық, қуаң жерде орналасқан 7 шаруашылық осы уақытқа дейін өз күштерімен жасаған су көздері үшін берілетін мемлекеттік қолдаудың игілігін көре алмай келген. Себебі, шаруалар құжат дайындап әуреге түскен.

Ең сорақысы, мемлекеттен қаржылай көмек алу үшін жобалық-сметалық құжатты әзірлеудің мүлде қажет еместігі айқындалды. Енді, «шаруашылық иелеріне өздері жұмсаған қаржының 80 пайызы қайтарылады», - дейді басқарма басшысы.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу