Өскеменде «Түркі жазба мәдениеті» конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Түркі жазба мәдениеті» конференциясы өтті

23.05.2016
Өскеменде  «Түркі жазба мәдениеті» конференциясы өтті
Жиын барысында еліміздің ғалымдары ежелгі түркі жазуының кешегісі мен бүгінгісін талқылап, түркілік өркениетті көпшілік қауымға кеңінен насихаттау туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Дәстүрлі конференция барысында отандық түрколог-ғалымдар өзара тәжірибе алмасып, зерттеу жұмыстарындағы күрделі мәселелерді бірігіп шешу жолдарын да қарастырды. Шараға барлығы 30-дан астам түркітанушы, жергілікті зиялы қауім өкілдері және жас ғалымдар қатысты.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу