Жасөспірімдер қылмысы жасарып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жасөспірімдер қылмысы жасарып барады

24.05.2016
Жасөспірімдер қылмысы жасарып барады
Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда, жасөспірімдер арасындағы қылмыс алтыдан он екіге өскен.

Алматы облысы Ұйғыр аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен ауданның құқық қорғау саласы қызметкерлері арасында кеңейтілген кеңес өтті. Күн тәртібінде талқыланған басты мәселе – кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмыс.

Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда, жасөспірімдер арасындағы қылмыс алтыдан он екіге өскен. Демек, екі есе артқан. Сол себепті жергілікті прокуратура қызметкерлері ауқымды тексеру жүргізді.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу