Астанада Іскер әйелдер кеңесінің ІІ конгресі өтті. Жиында кеңестің 1 жылда атқарған жұмысы қорытындыланды. Аз уақыттың ішінде жеткен жетістік аз емес. Әлеуметтік, инновациялық жобалар қолға алынды. Бизнес-жоспар құруда қолдау көрсетіліп, келелі кеңес берілуде. Жалпы, республикадағы 600 мыңнан астам іскер әйел бизнестен береке тауып отыр.