М.Құл-Мұхаммед ақтөбелік диқандармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Құл-Мұхаммед ақтөбелік диқандармен кездесті

13.06.2016
М.Құл-Мұхаммед ақтөбелік диқандармен кездесті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының Ақтөбе облысына жұмыс сапары жалғасты. Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге аграрлық сала қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ет комбинатында және заманауи бордақылау алаңында болды.

Диқандармен кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед олардың Жер реформасына қатысты пікірлерін білді.

Фермерлер жерді 50 пайыздық жеңілдікпен және 10 жылға бөліп төлеу мүмкіндігімен алуға жол ашатын жаңашылдықты толығымен қолдайтындарын жеткізді.

«Біз өзіміз өмір бойы осы жермен жұмыс жасап келеміз. Егер бізде жерді сатып алатын мүмкіндік болса, өз үлесімізді балаларымызға қалдыру арқылы оларды жұмыспен және тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етеміз. Сол себепті ақтөбелік шаруалар Жер реформасын қолдайды», - деді фермер Алик Пак.

Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев барған «Алик» ЖШС-нің алқаптарында тамшылатып суару бойынша және егінді күрделі климаттық жағдайдан қорғайтын заманауи технологиялар қолданылатынын атап өткен жөн.

Ақтөбе облысының әкімі қазіргі таңда өңірде инновациялық өндеулер тек егіншілік шаруашылығында ғана емес, басқа салаларға да енгізіліп жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде Мұхтар Құл-Мұхаммед жер реформасы аясында жүргізіліп отырған аграрлық саланы модернизациялау дәл осындай еуропалық деңгейдегі өндірістерді дамытуға бағытталып отырғанын атап өтті.

 

Дереккөз: bnews.kz

Хабарламаларға жазылу