ШҚО-дағы Қарас Ертіс өзеніндегі суы жоғары деңгейге шейін көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы Қарас Ертіс өзеніндегі суы жоғары деңгейге шейін көтерілді

13.06.2016
ШҚО-дағы Қарас Ертіс өзеніндегі суы жоғары деңгейге шейін көтерілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Боран ауылын су басуы мүмкін - таудағы қардың көптеп еруі салдарынан Қара Ертіс өзеніндегі су деңгейі ең жоғары деңгейге дейін көтерілді. Оқиға орнында ШҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының құтқарушылары мен өрт сөндірушілері, ШААЖҚЖ, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмыс істеп жатыр.

Табиғи апаттан құтқаруға жеке құрамның шамамен 67 адамы жіберілді. 15 техника, 4 қайық пен 2 мотосорғы жұмылдырылған, деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Жағалаудағы жекеменшік үйлер маңына екі бақылау бекеті орналастырылды. 400 құм салынған қаптан ұзындығы бөгет жасалды. 10 тонна құм, қиыршық тас жеткізілді. Су басуы мүмкін аймақта тұратын шамамен 120 адамға жағдай түсіндірілді. Қауіпсіз жерге шығару қажеттілігі туындаған жағдайда көшрілгендерді орналастыру үшін Боран және Қалжыр ауылдарындағы орта мектептер даярланды. 

Ауылдың оңтүстік жағында жағаны бекіту бөгетін нығайту және биіктету бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде.

Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен ШҚО ТЖД-нің бақылауында тұр.

Әзірге өзен арнасынан су көтерілген жоқ. 

Хабарламаларға жазылу