Американдық Thunderbirds ұшқыштар тобының ұшағы Колорадодағы АҚШ президенті Барак Обама барған авиашоуда апатқа ұшырады.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, F-16 жойғышының ұшқышы катапульт жасап үлгерген және аздап қана жарақаттанған. Оқыс оқиға кезінде, яғни ұшақ тұрғын үйлердің тап маңындағы егістік даласына құлағанымен ешкім зардап шекпеген.
Жойғыш ұшақ американдық ӘӘК академиясын бітіргендердің құрметіне арналған авиашоуға қатысқан. Бұл шараға Обама арнайы келген еді. Апатқа ұшыраған сәтте ұшу өнерін көрсеткендер тобы негізгі бөлімін аяқтап, құрметті айналым шеңберін жасауға кіріскен болатын.
Бұл кезде Обаманың кортежі әскери базаға, АҚШ президентін күтіп тұрған жеке ұшаққа бет алған еді.
Деректерге қарағанда, жойғыш ұшақ осы базаның оңтүстігіне қарай шамамен 25 шақырымдай жерге құлаған, деп хабарлайды Би-би-си.
Апаттың себебі айтылмай отыр. Тек белгілі болғаны, ол 600 метр биіктіктен құлаған. Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынды.