ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
***
«Ә.Ө. Исекешевті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.