«Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2020 жылға дейін 800 мың шаршы метрден астам баспана салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2020 жылға дейін 800 мың шаршы метрден астам баспана салады

21.06.2016
«Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2020 жылға дейін 800 мың шаршы метрден астам баспана салады

2016 жылдың бірінші жарты жылдығында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының мемлекеттік операторы болып белгіленген. Осы бағдарлама аясында  коммерциялық баспана құрылысы үшін қорға 97 млрд теңге бөлінген.

Аталған қаражат азаматтардың талабына және жылжымайтын мүлік нарығындағы талапқа ие болған, құрылыс жобаларын қаржыландыру арқылы құрылыс салушыларын қолдауға бағытталатыны жоспарланып отыр. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Мамытәлиев атап өткендей, «2020 жылға дейінгі мерзімде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша барлығы 800 000 шаршы метрден астам коммерциялық баспана құрылысын салу жоспарлануда».

Аталған бағдарламаның басқа бағдарламалардан айырмашылығы - негізгі талаптарға қосылып отырған құрылыс салушыларды қолдаудың мынадай жаңа тетіктері:

1. Құрылыс нысандарын қаржыландыруда 80  пайыздан аспайтын қаржы «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ынан, ал 20 пайыздан кем емес көлемі құрылыс салушыдан бөлінеді.

2. Құрылыс салушыға еркін нарықта құрылысты бастаған сәттен 24 айдан аспайтын мерзімде пәтерлерді сату құқығы беріледі.

3. Баспананың сатылмаған пулы 20 пайыздық дисконтпен «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-қа қайтарылатын болады.

«Бүгінгі күні қорға құрылыс салушылардан өтінімдер түсуде. Өтінімдердің қарастырылуын қордың арнайы комиссиясы жүргізеді. Қаржылық, техникалық, заңдылық және маркетингтік талдауларды пайдалану арқылы құрылыс нысандарына мұқият таңдау жүргізілуде. Бұл әдіс құрылыс салушыларының ақшалай қаражатының жылдам қайтарылуын қамтамасыз етеді. Қаражат қорда жинақталып, жаңа жобаларды қолдауға бағытталатын болады», - деді Б.Мамытәлиев.

Хабарламаларға жазылу