Алматыда бүгін ауыр дерттен қазақстандық тележурналист Лейла Бабаева қайтыс болды.
Марқұмның туыстарының хабарлауынша, Лейла соңғы бірнеше жыл бойы өкпе обырынан зардап шеккен.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 24 мамыр күні таңғы сағат 10:00-де Дәрібаев көшесі 12-ші үй, 9-шы пәтерде өткізіледі.
Лейла Бабаева 1964 жылы туған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, КИМЭП университетін тәмамдаған. Әр жылдары «Қазақстан», «Алматы» және «31 арна» телеарналарында еңбек еткен. Күйеуі белгілі журналист Абзал Әбенов осыдан 5 жыл бұрын қайтыс болған.
Марқұмның соңында үш баласы қалды.