«Air Astana» әуе компаниясы Түркияға ұшудан бас тартқан жолаушыларға билет құнын ешқандай айыппұлсыз қайтарып береді немесе ұшу уақытын басқа күнге ауыстыруға мүмкіндік жасайды. Бірақ, бұл тек 15 шілдеге дейін сатып алынған билеттерге қатысты. Ал, қазір «Air Astana» тиесілі әуе кемелері Стамбул мен Анкараға тұрақты түрде, өз уақытымен ұшып жатыр. Олардың ешбірінде кейінге шегерілу немесе жолаушылардың ұшудан бас тартуы тіркелмеген.
Амангелді СЕЙІТХАН