Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жандар табиғи таза жүннен керемет бұйымдар жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жандар табиғи таза жүннен керемет бұйымдар жасайды

07.07.2016
Қарағандылық мүмкіндігі шектеулі жандар табиғи таза жүннен керемет бұйымдар жасайды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында тұратын зағип жандар табиғи таза жүннен керемет бұйымдар дайындайды. Олар мұндай шеберліктің қыр-сырын  арнайы оқу курсында меңгеріп жатыр.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шапағатын көрген мүмкіндігі шектеулі жандардың еңбекке деген ықыласы да ерекше. Өйткені, мұндай игі бастама оларды қоғамның көлеңкесінен шығарып, көппен етене араласуларына септігін тигізіп отыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу