Маңғыстаудағы Тұщықұдық ауылының тұрғындары сапалы ауызсуға зәру. Халық тұтынып отырған «Астрахань-Маңғышлақ» құбырынан жететін су соңғы екі жылда сарғайып кеткен. Тіршілік нәрінің түсі өзгеруі түгіл, ішуге де жарамсыз болып қалуына тұрғындар түрлі себеп айтады.
Бұрын 14 шақырым қашықтағы Көңдіқұдық жерасты суынан тасып-ішіп отырған. Оны енді кен орны пайдаланады. Тұрғындардың тағы бір су тұтынған жері – іргедегі Қарақұдық болатын. Одан да тыйылды. Өйткені, ауылға 2006 жылдан бері «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры тартылған. Бірақ, бүгінде ауызсудың сапасы туралы айтудың өзі артық,-дейді көпшілік.
Нысаналы ЫҒЫЛ