Ақмола облысында жыл басынан бері 37 селолық округ әкімі және 36 әкімдік қызметкері түрлі заңбұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Көкшетауда өткен семинар-кеңесте айтылды.
Жиында жергілікті атқарушы биліктің жұмысын ширату мәселелері талқыланды. Оған барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат хатшылары және жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Кеңесте әкімдерге бірнеше тапсырма жүктелді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН