Сәуірдегі тасқын кезінде қостанайлықтарға Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары да көмек көрсеткен еді. Солардың қатарында Оралдағы бесінші өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Тұрлан Ғаббасов бар.
Ол жолдастарымен бірге бес елді мекеннің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшірді. Сондай шараның бірінде батыстың батыл жігіті суға батқан жүкті әйелді құтқарып, батыр атанды.
Рауан ДИӘЛИ