Бүгінде Қазақстан мен Ресей шекарасы арқылы өтетін тауарлардың еркін қатынасы кемшін. Кедендік бақылауға 2 күннен 4 күнге дейін уақыт жұмсалады. Соның салдарынан екі елдің кәсіпкерлері уақытын текке жоғалтуға мәжбүр. Бұл мәселе Қазақстан мен Ресейдің бизнес-омбудсмендері бас қосқан Атыраудағы жиында кеңінен талқыланды.
Айдос ҚАРАБАЛА