«Дін - терроризмге қарсы». Бүгін Мәскеуде осындай атаумен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған жиынға әлемнің 40-қа тарта мемлекетінен өкілдер келді.