Елімізде жаңа пилоттық жоба қолға алынды. Ол бойынша баланың туу туралы куәлігі енді перзентханада беріледі. Сондай-ақ, босану мен жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу, біржолғы және сәби күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақыға өтініш беріп, балабақша кезегіне қою да сол жерде жүзеге асырылады.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ