Татарстан астанасында қазақ тілі курсының ашылғанына бір жыл толды. Қазақ диаспорасының өкілдері «қазір тек өз қандастарымыз ғана емес, қазақша үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдері де көп», дейді. Осылайша, былтыр күзде ғана ашылған бұл курс қазақ тіліне өзге елде де сұраныс бар екенін көрсетіп отыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ