Семей тұрғындары мердігерді жауапқа тартуды талап етеді. 2012 жылы «Жылы бұлақ-2030» мекемесі қаладағы тұрғын үйлердің бірін «ТермоЖаңғырту» бағдарламасы бойынша жөндеген. Оған 35 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалған. Алайда, жұмыс аяқтала салысымен, жаңарған шатырдан су ағып, сапасыз жөнделген жертөлеге кәріз сулары толған.
Ержан ЖАҚЫП