«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Менің Қазақстаным!» бағдарламасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.
Байқауға қатысқан 200 жұмыстың ішінде «Менің Қазақстаным!» бағдарламасы үздік атанды. Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақты нығайту мен республиканың қоғамдық-саяси өмірін насихаттап жүрген журналистерді қолдауға бағытталған бұл байқау жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.