Мемлекетке тиесілі мектеп, әкімшілік һәм ірілі-ұсақты кәсіпорындарға энергоүнемдеуіш техникаларды шетелдік инвесторлар орнатпақ. Ал, үнемдеудің арқасында артылып қалған ақша сол кәсіпкерлерге берілмек. Былайша айтқанда, Қазақстан энергия үнемдеуді бизнеске айналдыруды көздеп отыр.
Мұндай мәліметті Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл тәсіл Германияда жақсы нәтиже беріп, олар жыл сайын 3 миллиард евро үнемдейтін көрінеді.
Қазақстан бұл тәжірибені енді бастады. Соның өзінде, жылу мен жарықтың шығыны 30 пайызға төмендеген. 2050 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізу ойда бар.

Нұрбек БЕКБАУ