Шенді полицей хатында қылмыстың барлығы басшылардың тапсырмасымен болды деп жазған еді. Бұл бағытта Бас Прокуратураның тергеу тобы айналысып, бірнеше құқық қорғаушыны кінәлі деп таныған. Қазір 9 атыраулық полицейдің үстінен кісі өлтіру, бопсалау секілді Қылмыстық Кодекстің 6-бабы бойынша іс қозғалып отыр. Қылмыс 13 оқиғаға негізделіп, 28 томға жеткен.
Айдос ҚАРАБАЛА