Жақын болашақта Байқоңырдан қазақ инженерлері құрастырған зымырандар ұша бастайды. Сарапшылар «бұл алдағы 10 жылда шешілетін шаруа», деп отыр. Мұндай мәлімет Астанада өткен «Қазақстандағы ғарыш күндері - 2016» атты халықаралық семинарда айтылды. Жиын барысында Қазақстан өзінің ғарыш саласындағы жетістігі, қазіргі әлеуеті һәм болашақ жоспарымен бөлісті.
Нұрбек БЕКБАУ