Қостанайда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері учаскелік инпекторлармен бірлесіп, шартты жазаға тартылған азаматтарды тексерді. Мақсат – оларға сот орындары шығарған үкім бойынша заң талаптарының сақталуын қадағалау. Бұл үшін қызметкерлер айыпталушылардың мекенжайында болып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Әлеуметтік жағдайларына қанығып, құқықтары мен міндеттері жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК