Ақмола облысында мектеп өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мектеп өртенді

29.11.2016
Ақмола облысы Зеренді ауданы Дөңгілағаш ауылы мектепсіз қалды. Себебі, ғимаратта өрт болды. От пештің мұржасынан төбеге тараған. Қатты жел болғандықтан, қызыл жалын жылдам жайылып кеткен. Білім ошағының төбесін және есік-терезелерін жаңадан салу қажет. Қазір өрттің шығу себептері мен келген шығын көлемі анықталып жатыр.


Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу