«Саран» шахтасында болған апатқа жұмыс беруші кінәлі – ҚР ИДМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саран» шахтасында болған апатқа жұмыс беруші кінәлі – ҚР ИДМ

29.11.2016
Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді.
Айта кетейік, 19 күн бұрын Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасында апат болды. Жұмыс ауысымы аяқталған кеншілерді жер бетіне шығару кезінде мініп-түсетін көліктік арбаның арқаны үзіліп кеткендіктен, 4 адам қайтыс болып, 5-і ауыр жарақат алды. Арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, қайғылы оқиға орны тексерілді. 40 адам тергеуден өтіп, әр деңгейдегі 16 басшы жұмыстан шеттетілді.


Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу