Соңғы 4 жылда Қостанай облысында өндірістегі оқыс оқиғадан 80 адам қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 4 жылда Қостанай облысында өндірістегі оқыс оқиғадан 80 адам қайтыс болған

06.12.2016
Өндірістегі осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін облыста «Лайықты еңбек – қауіпсіз еңбек» жобасы қолға алынды. Облыстық прокуратурада болған басқосуда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жоба аясында біріншіден, еңбек қауіпсіздігіне байланысты ережелер күшейтілді. 3800-ге жуық жұмыскер арнайы курстарда оқып, мыңнан аса кәсіпорын аттестациялаудан өткен. Еңбек инспекторлары тексерісінің нәтижесінде аймақта техникалық талаптарды өрескел бұзған 51 кәсіпорын анықталды.


Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу