Қарағандыда Ленин атындағы шахтада кеше көмір жанып, соңы өртке ұласты. Апат кезінде жер астында 178 адам болған. Өз күштерімен сыртқа шыққан кеншілер медициналық тексерістен өтіп, ешқайсының зардап шекпегені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, шахтадағы көмір өздігінен тұтанған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ