Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Твиттердегі» парақшасында Түркиядағы Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін «Сирияда тұрақтылық орнату жұмыстарын бұзуға бағытталған террорлық әрекет» - деп атады. Ал, еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл қанды оқиғаны Түркия мен Ресей арасындағы қатынасты шиеленістіру мен қорқыныш ұялатуға бағытталған террорлық акт деп атады.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ