Отандық туризмді дамытумен айналысатын мемлекеттік агенттік құру қажет. Еліміздегі туристік орындарға баратын жол инфрақұрылымын жасап, «Байқоңыр» ғарыш айлағына Астанадан және Алматыдан тікелей ұшатын әуе қатынасын реттеу керек. Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық негізінде Қоғамдық кеңес мүшелері үкіметке осындай 10 ұсыныс жасады.