Шымкентте 50 мектептің ұстазы ұрлық құрбаны болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 50 мектептің ұстазы ұрлық құрбаны болды

28.12.2016
Шымкенттік мұғалімдер өздеріне тиесілі 28 млн теңгені таба алмай жүр. Бұл - 50 мектептің ұстазы 1 жыл бойы кәсіподаққа аударған ақша.
Кәсіподақпен ардағы келісімге сай мектеп мұғалімдері ай сайынғы жалақасының 1 пайызын ұйымға жарна ретінде аударып келген. Есепшотқа тек соңғы 1 жыл 3 айдың ішінде 27 млн 677 мың теңге түскен. Дегенмен, ұйым былтыр Жаңа жыл мерекесін өткізу үшін ақша сұраған мектептердің біріне ақша бермеген.


Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу