Жол полициясы енді көлікті арнайы таяқсыз тоқтатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол полициясы енді көлікті арнайы таяқсыз тоқтатады

29.12.2016
Енді үш күннен кейін МАИ қызметкерлері көлік жүргізушілерін арнайы қызыл таяқпен емес, қолымен тоқтататын болады. Мұндай халықаралық стандарт АҚШ, Қытай, Еуропа елдерінде енгізілген. Бүгін МАИ қызметкерлері астаналық көлік жүргізушілеріне осы ақпаратты барынша түсіндіруге шықты.

1-қаңтардан бастап полицей қолымен «Тоқта!» деген белгі беріп, ысқырады. Не болмаса арнайы дыбыс күшейткіштермен, қараңғыда жарық беретін құралдармен тоқтатады.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу