Астанада көлігіне салық төлемегендер көліктерінен айырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көлігіне салық төлемегендер көліктерінен айырылуда

30.12.2016
Бүгін Есіл аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары автомобильдеріне салық төлемеген азаматтарды тексерді. Көбі транспорттарынан айырылып, істері сотта қаралуда. Олардың кейбірі тіпті жылдар бойы салық төлемеген. Ереже бойынша, 1 жыл салық төлемесеңіз, мекенжайыңызға ескерту қағаз жіберіледі. 1 ай ішінде төлеп үлгермесеңіз, көлігіңізден айырыласыз.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу