Шахан елді мекеніндегі қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің Үкімет мүшелері өз әлеуметтік желідегі парақшаларында көңіл айту жеделхаттарын жариялады.
«Жылдың басында барлық қазақстандықтарды Шахан елді мекеніндегі жағдай күйзелтті. Біз бәріміз орны толмас шығын мен ауыр қазаға ұшырағандардың туыстарының қайғысына ортақпыз. Қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуіне тілекшіміз», деп жазды Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы көңіл айтты. «Шаxтинск қаласында кеше түнде орын алған апаттан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына бүкіл астаналықтардың және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Апаттың арты қайырлы болсын», делінген жазбада.