«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның басшысы 2 айға қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның басшысы 2 айға қамауға алынды

09.01.2017
Алматы қаласындағы Алмалы аудандық соты құрылым басшысына және зейнетақы қорының Тәуекелдерді басқару департаментінің бастығы Бахытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Кенжебаев пен «Бузгул Аргум» серіктестігінің директоры Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындады.

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті қордың құны 5 миллиард теңге болатын келісімшартын тексеріп жатыр. Бұл тексеру акционерлердің өз активтерін инвестициялауға қатысты.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу