Астана вокзалындағы көлік тұрағы ақылы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана вокзалындағы көлік тұрағы ақылы болды

10.01.2017
Астанаға келген жұрт, қарсы алуға барған жұрт бүгін бір сағат бойы теміржол вокзалында кептелісте тұруға мәжбүр болды. Себебі, елорда әкімдігі вокзалдың айналасын ақылы тұраққа айналдырған еді. Жарты сағатқа аялдасаң, тегін. Одан ассаң, сағатына төлейсің. Шлагбаумдардың баяу жұмысынан көп адам 30 минутын кезекте тұрып өткізген. Шамданған жұрт: «төлемеймін», деп шу шығарған. Сөйтіп, вокзалдың алдында бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу