Өскеменде жолақы 15 теңгеге қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жолақы 15 теңгеге қымбаттайды

14.01.2017
Өскеменде ақпан айынан бастап жолақы 75 теңгеден 90 теңгеге қымбаттайды. Бұл туралы брифингте қала әкімінің орынбасары айтты.

Қоғамдық көліктерде жол жүру құнын көтеру мәселесі 7 ай бойы талқыланды. Жолаушы тасымалдаушылар жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттағанын алға тартып, бірнеше мәрте ұсыныс жасады. Мәселе жан-жақты зерттеліп, кезекті мәслихат сессиясында депутаттар тарифты өсіру туралы өтінішті қолдады.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу