Президент Әкімшілігі төрағасының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әкімшілігі төрағасының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаев қамауға алынды

16.01.2017
Ұлттық қауіпсіздік қомитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинады, таратты, жария етті» деген күдікпен 12 қаңтар күні ұсталған. Бұл - Қылмыстық Кодекстің 185-бабының 1, 3-бөлімдері.

Бағлан Майлыбаевпен бірге Президент Әкімшілігінде қызмет істеген Николай Галихин де қамауға алынды. Бұл екеуін екі ай мерзімге қамау туралы үкімді 14 қаңтар күні Астана қаласының Есіл аудандық соты шығарды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу