Павлодарда жалған құжатпен пәтер сатқан алаяқтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жалған құжатпен пәтер сатқан алаяқтар ұсталды

17.01.2017
Павлодардың қылмыстық соты пәтер сатып, талай адамды қан қақсатқан алаяқтардың ісін қарап жатыр. Олар бастапқыда қайтыс болған өз туыстарының баспаналарын сатып дәніккен. Кейін жалғызбасты мүгедектер мен жақын жанашыры жоқ қариялардың үйлерін, жер телімдерін ашықтан-ашық саудаға салған.

Себебі, қолдарында Әділет басқармасы мен жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан алынған анықтамалық құжаттары болған. Ал, оны жасату үшін жалған мөр басылған сот шешімдерін дайындап, оған жергілікті судьялардың қолын қойған.


Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу