Субсидиялаудың жаңа тәртібі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Субсидиялаудың жаңа тәртібі енгізіледі

17.01.2017
«Өзі семіз мал екен, еті тәтті бал екен». Кеңес үкіметі кезінде шошқаға арналып, осындай өлең де шығарылған екен. Ал, енді алдағы төрт жыл бойы доңыз баққандардың бәсі басым болғалы тұр. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы бойынша асыл тұқымды шошқа мен тауық етін өндірушілер үшін субсидия көлемі бірнеше есеге артпақ.

Асыл тұқымды жылқы мен сиыр етін өндірушілер үшін субсидия керісінше, бірнеше есеге төмендейді. Бұл мәселе Парламент қабырғасында көтерілген болатын. Бағдарлама әлі пысықталу үстінде. Сол себепті Үкіметтің әлі де бұл құжатты жетілдіре түскені жөн, – дейді депутаттар.


Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу