Әкімдік түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімдік түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда

19.01.2017
Әкімдік түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда

Астана әкімдігі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда, деп хабарлады сәрсенбі күні қала әкімі Әсет Исекешев пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда.

«Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз», - деп хабарлады Ә.Исекешев қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып.

«Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары - бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан, бұл жерде (түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына қатысты - Ред.) шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет - айыппұл, екінші рет - айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет - қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет», - деп қорытындылады Астана әкімі.

astana.gov.kz

Хабарламаларға жазылу