Оралда бургерден ұшынғандарға кәсіпкер өтемақы төлеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда бургерден ұшынғандарға кәсіпкер өтемақы төлеп жатыр

19.01.2017
Оралда «бургер жеп, бүк түскендерге» қатысты сотқа дейінгі тыңдау өтті. Дәмхана иесі өз кінәсін мойындап, бұл істі сотқа жеткізбей шешуді мақсат етіп отыр.

Адвокат Айгүл Орынбекованың айтуынша, кәсіпкер тамақтан ұшынған 26 адамның материалдық және моральдық шығынын өтеген. Шағымданушылардың кейбірі сотқа жолдаған арыздарын қайтарып алған. Бірақ, әлі 4 адам өтемақы ретінде төленген қаржы мөлшерімен келіспей отыр. Сондықтан, бұл мәселе сот отырысында қаралмақ.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу