1 миллионға жуық халқы бар Шымкент қаласы қыстың қақ ортасында жылусыз қалғалы отыр. Өйткені, шаһарға жылу беретін орталық аймақтағы газ тарату мекемесіне белшеден қарыз. Берешек ақшаның мөлшері 1 миллиард 800 миллион теңге. Газ тарату мекемесі қарызды қайтаруға бір аптаға ғана мұрсат берді. Мерзім онан асса, «Қуат жылу орталығына» көгілдір отын беру мүлдем тоқтатылмақ.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ