Жымбылдықтар енді қылмыс жасалғаны туралы ақпараттарды онлайн режимде біле алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жымбылдықтар енді қылмыс жасалғаны туралы ақпараттарды онлайн режимде біле алады

26.01.2017
Жамбылдықтар енді облыс аумағында қай кезде қандай қылмыс жасалғаны туралы ақпараттарды онлайн режимде біліп отырады. Ұлт жоспарының 32-ші қадамында елімізде «Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасын» құру жөнінде айтылған болатын. Жамбыл облысы бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып толығымен іске асырды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мамандары аймақтағы 313 елді мекеннің электронды карталарын жасап, ондағы қылмыстық ахуалды жіті қадағалап отырады.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу