Павлодарда орманды отаған орманшы ұсталды. Полиция, алдымен қылқанды жапырақты қарағайдың кесілген түбірлерін тапқан. Іле ағаш тиелген көлікке кез болады.
Ал, ауыл ішіне кіріп үлгерген күдіктілерді ұстау қиынға соққан жоқ. Бірақ, олардың бірінің орманшы киімін кигені құқық қорғаушыларды таң қалдырды. Тексере келе оның «Ертіс орманы» табиғи резерватына қарасты «Бауыртал» шаруашылығының бас инспекторы екендігі анықталды.
Болат АМАНБАЕВ