Атыраудағы Теңіз кенішінде 125 адам жұмыстан кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы Теңіз кенішінде 125 адам жұмыстан кетті

31.01.2017
Атыраудағы Теңіз кенішінде «Кентек» компаниясының 125 еңбеккері жұмыстан кетті. Олар осыдан бірнеше күн бұрын еңбекақыларын 50 пайызға көтеруді талап етіп, жұмысқа келмей қойған еді.

Алайда, мердігер компания олардың бұл талаптарын орындай алмайтынын, еңбекақыны 12 пайызға ғана өсіретіндігін айтқан. Нәтижесінде, ортақ келісімге келе алмаған жұмысшылар қызмет орындарын тастап кеткен.

Теңіз кенішінде туындаған еңбек дауына салалық мекеме өкілдері де араласып, екіжақты меморандумға қол қойылған.

Айдос ҚАРАБАЛА

Хабарламаларға жазылу